Қазақ бауырларыма ортақ шаңырағымыз үшін алғыс білдіргім келеді - Сергей Водько

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыдағы Достық үйінде Алғыс күні атап өтілді, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

Мерекеге облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев, басқарма басшылары, Қарағанды облысында қызмет ететін барлық этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты. 

Шараны ұйымдастырушылар қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырып, би ансамбльдері мен вокалшылардың қатысуымен мерекелік концерт әзірледі. 
«Қазақ халқының тарихы - бейбітшілік пен достық кез келген қиындықтарды жеңе алатыны туралы әңгімелейді. Сарыарқа жері көптеген этностар үшін туған жеріндей болып кетті», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев. - Осы бір шуақты күні мен шын жүректен біздің барлық этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне еліміздегі ауызбірлікке қосқан үлестері мен жасаған игі істері үшін алғысымды білдіремін». 
Мерекеде сонымен қатар этномәдени орталықтардың өкілдері де сөз сөйледі. Қарағанды облыстық «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский: «Алғыс - ең маңызды сезімдердің бірі» деп есептейді.

null  

 "Біз Алғыс күнін үшінші жыл қатарынан атап өтіп келеміз. Біздің жүрегіміздегі алғыс сезімі - ол біздің қоғамда бейбітшілік, ынтымақтастық және бірлікті құру принциперінің саясатының арқасы". 

1 наурыз күні халқымыз үшін қиын-қыстау болған кезеңдер еске алынады: саяси қуғын-сүргін заманы мен ашаршылық. Басты мақсат - сол қиындықтарды жеңуге көмектескен жандарға алғыс білдіру. 

null

- Менің ойымша, осында жиналғандардың барлығы қазақ халқына, Қазақстан жеріне осындай бейбіт және жайлы өмір сүріп жатқанымыз үшін алғысы шексіз, - деп атап өтті Қарағандылық еврей мәдениеті орталығының төрағасы Вилен Молотов-Лучанский. 
Қарағанды облысында 78 этномәдени орталық қызмет атқарады. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында Сергей Водько басқаратын қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубы құрылған. 

- Бұл күні біз барлығымызға ортақ қайғылы тарихты еске аламыз. Қуғын-сүргін және қудалау кезінде адамдар бір-біріне теріс бұрылмай, керісінше сөзбен айтқызсыз қамқорлық пен жанашырлық танытты. Қазақстан жері миллиондаған адамдар үшін баспана болды. Қазақ бауырларыма осындай ағайындардай достығымыз үшін, біздің ортақ жеңістеріміз бен ортақ шаңырағымыз үшін алғысымды білдіргім келеді, - деді Сергей Водько. 

null

Қазақстанда Алғыс күні 2016-шы жылдан бері атап өтіледі. Қарағандының барлық аудандарында бүгін Алғыс күніне арналған мерекелік концерттер мен қайырымдылық шаралары өтті.

null null  null null null 

Соңғы жаңалықтар