Қазақ әуендері қытай эстрадасын жаулап алды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы үлкен музыкалық жобаларда қазақ әнін әуелете шырқап жүрген қандасымыз Арай Айдархан Fujian TV «Sounds of Nature» ұлттық әндер музыкалық реалти-шоуында қытай тіліне аударылған өз әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кезеңде Арай қазақтың атадан алатын тәрбиесін, қазақтың үлкенді құрметтейтін дәстүрін суреттейтін «Атамның ақылы»(爷爷常说) әнін орындады. Әнмен қатар, Арайдың қазақтың ұлттық музыка аспабы домбырада ойнап, жетігеннің сүйемелдеуінде орындаған қазақи әуені қытайлық көрермендердің назарын аударды.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Арай жобада «Самалтау» және  «Әже» әні барша көрермендерді ерекше толқытқан. Сондай-ақ, Қазақстандық ұлттық музыкант Руслан Караның музыкалық жетекшілігімен, ежелгі қазақтардың шамандық белгілерін бейнелейтін  «Жауын шақыру әнін» орындады.

 

Айта кетейік, Арай Айдархан Хунан телеарнасының «Singer 2017» байқауында өнер көрсетіп, қытайға ерекше танымал болған қазақстандық әншінің «Singer» жобасындағы музыкалық продюсері. Бұл күнде Димаш Құдайберген мен қандасымыз Арай Айдархан қазақ музыкасының қытайда барынша танымал болуына айрықша әсер етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар