Қазақ ақындарының антологиясы әзербайжан тілінде жарық көрді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат  - «Бакуден - түркі әлеміне» атты жобаға Әзербайжан мен Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Саха, Татарстан Республикасынан келген ақын-жазушылар бас қосты. 

Шара барысында әзербайжан тілінде жарық көрген қазақ ақындарының антологиясына баса көңіл бөлінді. Жиынға 30- дан астам ақын-жазушылар қатысты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне «Жанартау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Анар Шамшадинова мәлім етті.

Анар Шамшадинованың айтуынша, аталмыш антологияның тұсаукесері Бүкіләлемдік жас түркі жазушылар бірлестігі мен «Кaspi» газетінің қолдауымен өтті.

Қазақстанның жас ақындары антологиясына Гюльназ Фейзулла, Гюльназ Сәтбайдың аудармаларымен бірге Расмия Сабир, Тарана Туран (Рагимли), Гюльнар Сяма (Гасымлы), Афаг Шыхлы, Акпер Гошалы, Э.Гараханлы, Ибрагим Ильяслы, Интигам Яшар и Руслан Дост Али сияқты журналист және жазушылардың еңбектері, сондай-ақ, Абай, Жамбыл, Олжас Сүлейменов сияқты ақындардың шығармалары енді.
null 

Анар Шамшадинова қазақ ақындарының антологиясы былтыр испан тіліне аударылғанын, алдағы уақытта қазақ өлеңдерін ағылшын тіліне де аудару жоспарда бар екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар