Қаза тапқан үш кеншінің өліміне «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы кінәлі екендігі белгілі болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» көмір департаменті шахтасында болған топтық қайғылы жағдай себептерін тексеру нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті республикалық мемлекеттік комиссиясы жұмысшылардың қаза табуына жұмыс берушінің кінәлі екендігі туралы қорытындыға келді.

«Жұмыс берушінің 100-проценттік кінәсі, жұмысшылардың 0-проценттік кінәсі анықталды», - деп мәлімдеді қорытындыны республикалық мемкомиссия мүшелерінің бірі.

Комиссия құрамына тек Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ғана мамандары емес, сондай-ақ Ресей Федерациясының көмір өнеркәсібі саласындағы сарапшылары да кірді.

Комиссия қорытындысы үш кеншінің қаза табу фактісі бойынга тергеліп жатқан қылмыстық істің материалдарына қосылу үшін Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасына беріледі.

Еске салайық , 31 тамызда таңғы сағат 4-тер шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында кенет метан газы тараған. Шахтада 136 адам эвакуацияланып, үш кенші - Рустам Ахметжанов, Валерий Руденко мен Максим Шебанов қаза тапқан.

Құқық қорғау органдары «Қазақстан» шахтасында еңбекті қорғау қағидаларының бұзылу фактісі бойынша сотқа дейінгі өндіріс бастады. ҚР ҚК-нің 156-бабының 4-бөлімі «Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар