Қайырымдылық қоры Ақмола облыстық балалар ауруханасына медициналық жабдықтар сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры Ақмола облыстық балалар ауруханасына жаңа медициналық жабдықтар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған қор баспасөз қызметінің мәліметінше, ауруханаға орталықтандырылған медициналық газбен жабдықтау жүйесі, 15 реанимациялық консоль, неонаталды электрод жиынтығымен жабдықталған 12 монитор, 12 шприцтік мөлшерлегіш және 1 Pentax фиброгастроскобы табысталды. Енді аурухана PENTAX фиброгастроскоп көмегімен асқазан-ішек жолдарындағы патологияларды дұрыс диагностикалауға, дәрілік препараттарды егуге, кейбір хирургиялық емшараларды жүргізуге мүмкіндік алды.
null  

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Мырзабекованың атап өтуінше, Ақмола облыстық балалар ауруханасы - бұл 0-15 жас аралығындағы балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсететін көпбейінді мамандандырылған мекеме. Жыл сайын аурухананың анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне орташа есеппен алғанда 400-ден 550-ге дейін науқас бала жатқызылады. Олардың 60 пайызы бір жасқа толмаған балалар.
null   

«Алайда, ең озық медициналық жабдықсыз жоғары білікті мамандар, жоғары сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мұндай жағдайда көмектесе алмауы мүмкін. Жаңа нормативтер медициналық жұмысшылардың біліктілік деңгейіне және де балалардың жансақтау бөлімшелерінің жоғары технологиялық медициналық жабдықпен қамтамасыз етілу жағына жаңа талаптар қойып отыр. Баланың демі таусылып жатқанда оған көмектесе алмау ең қорқынышты нәрсе», - деді Бибігүл Өмірзаққызы.

Ақмола облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Серік Ақшалов «Асыл Мирас» қорына алғыс білдіріп, осындай жабдықты сатып алудың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Асыл Мирас» қорына зор алғысымызды білдіреміз. Сатып алынған жабдық кішкентай емделушілеріміздің өмірін сақтап қалуға үлкен үлесін қосатыны сөзсіз. Нақты уақыт тәртіптемесінде тәулік бойы гемодинамика мен инфузия көлеміне мониторинг жасауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықпен (мониторлар, инфузомат) оңалту бөлімшесін қамтамасыз ету арқасында нәрестенің хал-жағдайына нақты бақылау жасап, дәрілік препараттарды жылдам егуге мүмкіндік алып отырмыз, сондай-ақ, бұл кішкентай науқастың қауіпсіздігін сақтап, барынша жоғары терапиялық әсерді тигізуге мүмкіндік береді», - деді ол.
null  

"Асыл Мирас» қорының директоры Марат Айтмағамбетовтің айтуынша, қор мұндай көмекті осыған дейін Қазақстанның бірнеше медициналық мекемелеріне көрсеткен.

«Өкінішке орай, заманауи технологиялар әлі еліміздің барлық медициналық мекемелерінде ендірілмеген. Нәрестелердің өмірін қамтамасыз етуде аса маңызды рөл ойнайтын осындай жабдықты табыстап отырғанымызға аса қуаныштымыз. Бұл жабдықты 2016 жылы жазда «Charity Tour de Burabay» велошеруінен жиналған қарайымдылық қаржы есебінен сатып алып отырмыз. Бұл - ерекше қажеттіліктерге ие балаларға көмек көрсетуге арналған бағдарламаларымыздың бірі.  Сондай-ақ, біздің қызметіміз аясында аутизмі бар балаларға арналған 4 орталық жұмыс жасауда. Мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар және отандық бизнес өкілдерінің жұмылып жұмыс жасауы арқасында балаларымыздың әл-ауқатын көтеруге болатынына біздің сеніміміз зор», - деді ол.
null null  

Соңғы жаңалықтар