Қайырымды қала тұрғындары: Сал болып қалған жігіт оңалып келеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жол апатынан соң 1 ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан Серік Жантікенов оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. Сал болып қалған жігіттің әкесі отбасына көмектескен адамдарға алғысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Серік Жантікеновті көлік қағып кеткен болатын. Жедел жәрдеммен ауруханасына жеткізілген жігіт 1 айдан астам уақыт бойы жансақтау бөлімінде жатты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, науқас кейін «Мейірім» күтім бөлмесіне жіберілді. Баласын үйіне апарса ем жүргізе алмайтыны сезген әке бірден көмек сұрады .  Кейін науқас «Дару» оңалту орталығына жіберіліп, ем қабылдады. Әлеуметтік жағдайы мен балаға көрсетілетін емнің қымбат екенін айтқан Алмаз Жантікенов Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болды. Өңір басшысы жас жігітке қажетті барлық ем тегін жүргізілетінін айтып, арнайы мекемелерге тапсырма берді. Қазір науқас «Дару» оңалту орталығында ем қабылдап жатыр.

«Баламызға қымбат дәрілер алып, ем жүргізіп жатырмыз. Өзгеріс бар, Серік қолымен тартылып, біздің көмегімізбен басын көтереді. Әлі де тамақты арнайы құтымен ішеді, бірақ күн өткен сайын ем өз әсер беретініне сенімдіміз. Мейірімді, қайырымды адамдардың арқасында кереует алып, әлі де еміне қаржы жинап жатырмыз»,- деді Серіктің әкесі Алмаз Жантікенов. 

Соңғы жаңалықтар