Қайың ағашынан ыдыс жасау - шебер құпиясымен бөлісті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы этноауылда Есіл ауданынан келген суретші-шебер Ғабит Темірбеков ағаш ыдыс жасау бойынша шеберлік сыныбын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ғабит Темірбеков әдеттегі ағаштардан қазақтың ұлттық ыдыстарын, кәмпит, нан, қарындаш салғыштарды жасайды.

Ғ.Темірбеков ыдыс-аяқ жасау үшін қайыңды қолданады.

«Кесек отынды үйге алып келіп, олардан не жасайтынымды көріп тұрамын. Күзде жылыту үшін отын алып келгенде, міндетті түрде бірнеше қызықты шөркелер кезігеді», - деді ол.

Шебердің ыдыстар жасайтын құрал-саймандары өте көп.  Ең қиын әрі ұзақ жұмыс - ағаштарды тегістеу. Ол мінсіз тегіс болуы керек. Кейін Ғ.Темірбеков ыдыстарға араның балауызын сіңіріп қояды, ешқандай химиялық заттарды қолданбайды. 

«Сулы жылытқышпен балауызды ерітіп, кейін оған зығыр матасын малып, ыдысты сүртемін. Бұл ыдыстарды ұрпақтан ұрпаққа беруге болады - оған ештеңе болмайды», - деп күлді шебер.

Ғ.Темірбеков қалыңдығы бір сантиметр және одан да қалың ыдысты алдын ала тұзды суға қайнатады. Сонда ағаш ажырамай, көп жылға шыдамды болады. 

Соңғы жаңалықтар