«Қайсардың» жаңа бас бапкері Стойчо Младенов облыс әкімін мақсат-міндеттерімен таныстырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалық «Қайсар» футбол клубының бас бапкерлігіне тағайындалған Стойчо Младеновты қабылдады, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Болгарлық маман аймақ басшысына алға қойған мақсаттарын айтып, жергілікті жанкүйерлер сенімін ақтауға күш салатынын жеткізді.

Қабылдаудан соң БАҚ өкілдеріне сұхбат берген бас бапкер Премьер-лигаға қайтып оралған клубтың мүмкіндігі зор екендігін жеткізді.
«Команда жоғары лигаға жеңіс үшін келді деп ойлаймын. Ойыншылар құрамында азды-көпті өзгерістер болуы мүмкін. Жалпы, команданың ойын өрнегі көңілімнен шықты. Облыс әкіміне үлкен алғыс айтамын, қолдау бар, қаржы бар. Тек, жақсы нәтижеге жетуге тиіспіз. Негізгі мақсатымыз - маусымды үздік алтылық қатарында аяқтау. Бұған толыққанды мүмкіндік бар», - деді бас бапкер.

Айта кетейік, «Қайсар» футбол клубы маусымдағы алғашқы ойынын 8 наурыз күні өткізеді. Жерлестеріміз өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар