Қайсар Жаңаханов «Литер» ЖШС директоры, «Литер» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайсар Жаңаханов бүгіннен бастап «Литер» ЖШС директоры, «Литер» газетінің бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қайсар Жаңаханов 1972 жылы дүниеге келген, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Бұған дейін ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры, «Рауан Медиа Групп» АҚ ақпарат-талдау орталығының директоры - бас директор орынбасары, «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Нұр-Медиа» медиахолдингінің бас директоры, 2011-2012 жылдары «Астана» телеарнасының бас директоры, 2012-2014 жылдары «Литер» газетінің бас редакторы, «Литер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, 2012 жылдың ақпанынан мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі баспасөз қызметінің басшысы, 2014 жылдың қазанынан бастап «Қазпресс» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар