Қайрат Жамалиев туралы ақпаратқа қатысты іс қозғалды - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысындағы жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан Қайрат Жамалиевтың ВИП камерада отырғандығы туралы БАҚ-та шыққан материалдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Время» газетінде жарияланған «Пивка для Зека» мақаласындағы (а.ж. 31 тамызындағы) К.Жамалиевтің айрықша жағдайда ұсталуы жөніндегі уәждер бойынша Алматы облыстық прокуратурасымен а.ж. 31 тамызында оның жаза өтеу жағдайына ЛА-155/14 мекемесінде (жалпы режим, Заречный селосы Алматы облысы.) тексеру жүргізілді.

Тексеру жүргізу барысында Жамалиев карантин бөлімінде шаруашылық меңгерушісінің көмекшісі болып қызмет атқарып, жазасын өтеуде екені анықталды.
Жоғарыда аталған мақалада, сондай-ақ а.ж. 31 тамызындағы «31» ТВ каналда аз. К.Гудаускастың берген сұхбатындағы Жамалиев колонияда артықшылықтар пайдаланатындығы, ұялы телефоны бар екендігі және т.б. деректері тергеу амалдарын жүргізуді талап етеді.

Осыған байланысты, облыстық прокуратурамен 1 қыркүйегінде ҚҚ-тің 361-бабының 2-тармағымен Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің лауазымды тұлғаларымен лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық істің тергеуі тіркелді.

​Тергеу амалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның облыстық департаментіне тапсырылды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды», - делінген ҚР Бас прокуратурасы таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін де ҚР Ішкі істер министрлігі Қайрат Жамалиевтың түрмеде ВИП камерада отырғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Соңғы жаңалықтар