«Қайрат» УЕФА Кубогының жартылайфиналдық ойынында ұтылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Кубогының жартылай финалдық ойынында испаниялық «Интерден» 2:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Командалар бір-бірінің ойын тәсілімен жақсы таныс екені кездесу басталмай жатып байқалды. Өз алаңында ойнаған қазақстандық клуб гол салуға бірден ұмтылды. Алғашқы доп қарсыластар қақпасына бесінші минутта түсті. Көп ұзамай есеп теңесті. Одан әрі «Қайраттың» шабуылдары соңына дейін жеткізілмеді, «Интер» де нақтылық жағынан ерекшелене қоймады. Дегенмен, әлемнің үздік ойыншысы Рикардиньо жеке шеберлігін көрсете білді, испаниялық клуб гол салды.

Осыдан кейін испаниялықтар басымдықты сезіне бастағандай болды. Бірақ «қайраттықтар» контр-шабуылда қарсыластарынан айласын асырып, голды ұйымдастыра алды.

«Интер» екінші тайымды өте белсенді бастады. Қазақстандық Игита алғашқы екі минутта өз қақпасын мықтап қорғауға мәжбүр болды. Алғашқыда ол аздаған жарақат алды, екінші жолы оның қақпасына пенальти тағайындалды. Оны Рикардиньо жүзеге асырды. «Интер» тайм бойы басымдықта болды, дегенмен, «қайраттықтар» барынша қорғанып, ара-тұра контр-шабуылдар жасап тұрды. Матч соңына қарай белгіленген айыпта доп штанга мен Игитаның арқасынан рикошетпен өтіп, «қайраттықтардың» қақпасына түсті.

Интер (Испания) - Қайрат (Қазақстан) 3:2 (1:2)

Голдар:  Кабреува 4.15 (0:1), Рикардиньо 12.58 (1:1), Игор 15.17 (1:2), Рикардиньо 22.38 (2:2), Ортис 38.42 (3:2).

Енді матч жеңімпазы «Интер» Кубоктың ақтық матчында Португалияның «Спортинг» командасымен кездеседі. Ал «Қайрат» «қола» үшін ресейлік «Юграмен» ойнайды. Матч 30 сәуір күні «Алматы Аренада» өтеді.

Соңғы жаңалықтар