«Қайрат» УЕФА Кубогының Элиталы раундында «Брага»-ны жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» командасы футзалдан УЕФА Кубогының Элиталы раундында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық команда Португалияның «Брага»-сын ойсырата жеңді - 4:1.

«Қайратта» гол соққандар - Тайнан (11-інші және 20-сыншы минуттар) мен Игита (36-ыншы минутта), сондай-қ өз қақпасына «Брага»-ның футболшысы Мариньо (13-минут) салды. Португалдықтардан жалғыз голмен көзге түскені Руан (29-минут) болды.

Енді 26 қараша күні «Қайрат» «Интерге» қарсы соңғы матчын өткізеді. Әрбір топтан «Төрттік финалына» бір команда өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар