Қайрат Сарымсақов таеквондодан әлем чемпионатында қола медаль иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаулық Қайрат Сарымсақов соңғы сегіз жылда алғаш рет таеквондодан әлемдік деңгейдегі жарыстардан Қазақстан құрамасына  медаль сыйлады. Бұл  туралы таеквондо федерациясының бапкері Ғани Ибраимов айтты, деп хабарлады Лада.кз.

Қайрат Сарымсақов 74 келіге дейінгі салмақта төрт айқас өткізді,  Нигерия, Португалия, Латвия және Тайваньнан келген қарсыластарын ұтты. Жартылай финалда, Ғани Ибраимовтың айтуынша,  ол  өзбекстандық қарсыласынан ұтылды,   ресейлік спортшы чемпион атағын алды.    

Қайрат Сарымсақов  таеквондомен жеті жылдан бері айналысып келеді. Қазір ол  28 жаста.   Қанағат   Сүйебаев  пен Ғани Ибраимовтің тәрбиеленушісі  -   Қазақстанның 10 дүркін чемпионы,  бірнеше мәрте   халықаралық жарыстардың чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері,  Азия чемпионатының жүлдегері.

- Қайрат соңғы сегіз жылда алғаш рет Қазақстан құрамасына  медаль әкелді. Спортшының арманы -   2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу. Бұдан бұрын  Қайрат 68 келіге дейінгі салмақ санатында жарысқа түскен.   74 келіге ауысқанда, барлық жарыстарда жеңіске жете бастады.    Қайрат - алған атақтары бойынша Қазақстанда рекорд орнатты,  оның рекордынан асқан адам әлі жоқ, - деді  Ғани Ибраимов.

Чемпионат     Муджуде (Оңтүстік Корея) өтті. Жарысқа 170 елден мың спортшы қатысты.   

Фото: Лада.кз

Соңғы жаңалықтар