Қайрат Нұртас «Жұлдызды жекпе-жек» телешоуының жеңімпазы атанды
Белгілі эстрада жұлдызы Мальдив аралдарына 2 адамға арналған жолдаманы ұтып алды.
Музыкалық телесайыс қыркүйек айында басталып, онда14 қатысушы бақ сынады. Жартылай финалға 4 әнші: Нұрболат Абдуллин, Дастан Оразбеков, Мархаба Сәби және Қайрат Нұртас шыққан болатын.
Олардың ішінен Қайрат Нұртас пен Нұрболат Абдуллин көрермендердің дауысымен финалға жолдама алды. Ақтық сында да жеңімпаздар тағдыры тікелей дауыс беруі арқылы шешілді.
Әнші инстаграмдағы парақшасында "Көп түкірсе, көл болады" дегендей, бұл ортақ жеңіс! Бұл Сіздердің жеңістеріңіз! Сіздердей аппақ адал тыңдармандарым, қолдаушыларым, тілекшілерім бар да, мен бармын, бақыттымын, баймын! Алла разы болсын! Барлығыңызды жүрегіммен жақсы көремін! Үлкен раxмет жүрегімнің төрінен орын алған ҚАЗАҚ ЕЛІ!!!" деп қуанышымен бөлісті.
Жеңіс құтты болсын жандарым✊ "Көп түкірсе, көл болады" дегендей, бұл ортақ жеңіс! Бұл Сіздердің жеңістеріңіз! Сіздердей әппақ адал тыңдармандарым, қолдаушыларым, тілекшілерім бар да, мен бармын, бақыттымын, баймын! Аллаx разы болсын! Барлығыңызды жүрегіммен жақсы көремін! Үлкеееен раxмет жүрегімнің төрінен орын алған ҚАЗАҚ ЕЛІ!!!
Айта кетейік, "Жұлдызды жекпе-жек" осы телемаусымда музыкалық бағдарламалар арасында рейтингі ең жоғары шоу болды.