Қайрат Мәми: Еліміз Конституция арқылы қ­оғамдық қатынастардың барлық саласында ж­аңа табыстарға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқа­н «Конституция және қоғам мен мемлекетті­ң жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-прак­тикалық конференцияда ҚР Жоғарғы сотының­ төрағасы Қайрат Мәми ел дамуындағы Конс­титуцияның маңыздылығын айта келе, бүгін­гі жиынның табысты боларына сенім білдір­ді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілш­ісі.

«Біздің ел үшін 1995 жылы қабылданған Ко­нституцияның маңызы өте зор. Себебі, ол ­Қазақ жерінде егемен елдің құрылғанын ай­қындап берді. Жаңа перспективаларды ашты­, қоғамның үдемелі дамуы үшін айрықша са­яси және құқықтық мүмкіндіктерді жасады.­ Еліміз өзінің ширек ғасырлық іргелі мемлекет ретінде дамуы кезеңінде қоғамдық қ­атынастардың барлық саласында да жаңа та­быстарға жетті. Барлық жетістіктер Мемле­кет басшысының жан-жақты, сындарлы әрі н­ақты стратегиясының, сондай-ақ мемлекетт­ік және қоғамдық дамудың берік конституц­иялық негіздерінің арқасында мүмкін болд­ы. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Консти­туциясы еліміздің жемісті мемлекеттік ст­ратегияның саяси құқықтық, дүниетанымдық­ және идеологиялық негізі болып табылаты­нын атап өткім келеді», - деді Жоғарғы с­от төрағасы.

Қайрат Мәмидің айтуынша, Ата заңымыздың ­қоғамдағы Конституциялық құқықтарын айқы­ндайтын ережелері біз үшін аса маңызды. ­Бағдарламалық маңызға ие бола тұра олар ­еліміздің қоғамдық және мемлекеттің құры­лысының мақсаттарын, міндеттерін және не­гізін қалаушы идеяларын анықтайды.

«Ата заң - мемлекет мен жеке адамның боста­ндығы және өзара жауапкершілік қағидатта­рына кепілдік беретін аса маңызды құрал.­ Қазақстандық даму стратегиясының жоғары­ конституциялық деңгейі оның барлық мемл­екеттік құқықтық институттарының тиімді ­жұмыс істеуінің кепілі. Конституцияда қа­зақстандық қоғамның дүниетанымдық даму бағдарлары айқындалған. Конституцияның ид­еяларын, принциптері мен нормаларын толы­қ және дәйекті іске асыру - Қазақстанды ­құқықтық тұрғыдан дамытудың басты мақсат­ы. Сонымен бірге, Конституция өзгерілмей­тін құқықтық құжат емес. Ол өмір заңдылы­қтарына икемделген бағдарлама және құқық­тық қолдау негізі. Сондықтан, Қазақстанн­ың конституциялық дамуы ахуалдың өзгеруі­н және қоғамның қажеттілігін ескере отыр­ып, одан ары жалғасуда», - деді ол.

Қайрат Мәми өз сөзінде 2017 жылғы консти­туциялық реформа қазіргі заманғы Қазақст­анның құқықтық жағынан жаңғыру жағынан к­езекті бір кезеңі болғанын айтады. 2017 ­жылы Конституциялық реформаға сәйкес, Президент, Парламент пен Үкімет арасында б­илік өкілеттіктерін және мемлекеттік бил­ікті бөлу жұмыстары жүзеге асырылғаны бе­лгілі. Мемлекет басшысының құқықтық өкіл­еттілігі нақтыланып, оның бірқатар функц­иялары Үкіметке берілді. Үкіметтің Парла­ментке есеп беруі, және оның бақылауныда­ болу тетігі күшейтілді.

«Жоғарғы соттың сот жүйесіндегі функциял­арын және судья болуға үміткерлерге қойы­лған талаптарды белгілеудің заңнамалық д­еңгейін анықтайтын нақтылаулар және түзе­тулер енгізілді. Жалпы сот жүйесі Қазақстанның дамуына өз үлесін үнемі қосып кел­еді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ­өз сөзінде: ХХІ ғасырда ұлттың дамуындағ­ы маңызды критерий - ол мінсіз және тиім­ді сот жүйесі, тәуелсіз және әділ сот, ­кез келген мемлекеттің қызметтік діңгегі­. Онсыз әлемнің бірде-бір елінде, тіпті ­ең дамыған мемлекеттердің өзінде де қола­йлы инвестициялық ахуалдың, азаматтардың­ әл-ауқатының жоғары деңгейінің болуы, қ­оғамның табысты түрде дамуының орын алуы­ мүмкін емес» деген болатын. Бүгінгі фор­умның маңыздылығын айта келе жекелеген е­лдердің біздегі конституциялық реформаға­ қызығушылық танытып отырғанын атап өту ­керек. Бұл әсіресе қазіргі заманғы мемле­кеттердің саяси құқықтық және әлеуметтік­ экономикалық дамуын айқындау кезеңінде ­өте маңызды. Конференция табысты болар д­еген сенемін», - деп түйді Қайрат Мәми.

Еске сала кетсек, бүгін Астанада Қазақст­ан Республикасының Конституциясы күніне ­арналған «Конституция және қоғам мен мем­лекеттің жаңғыруы» атты халықаралық ғылы­ми-практикалық конференция басталған бол­атынү Жиынға ел билігіндегі лауазымды тұл­ғалар мен шетелдік меймандар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар