«Қайрат» ФК бапкерлердің жаңарған құрамын таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» футбол клубы команданың жаңарған бапкерлік штабын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы маусымға «Қайраттың» негізгі командасын испаниялық маман Карлос Алос жетекшілік еткен жаңаланған бапкерлік штаб дайындайтын болады. Негізгі құрам оңтүстік астанада алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп үлгерді. Алда - Түркияда өтетін маусым алдындағы оқулар.

Бапкерлердің жаңарған құрамы:

Карлос Алос - бас бапкер
Николас Читино, Андрей Карпович - бас бапкердің ассистенттері
Олег Воскобойников - қақпашылар бойынша бапкер
Джил Орриолс - дене даярлығы бойынша бапкер
Алекс Аксенси - дене даярлығы және жас ойыншылармен жұмыс бойынша бапкер

Роберт Бауселльс - диетолог
Дмитрий Гусев - аналитика бойынша маман
Денис Змейков - видеооператор
Виктор Павленок - аудармашы

 

Соңғы жаңалықтар