«Қайрат» Еуропа лигасындағы ойындарын аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» футбол клубы Албанияда өткен Еуропа лигасының екінші іріктеу раундының жауапты матчында «Скендербеу»-ге 0:2 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Матчтың алғашқы минуттарынан бастап алматылықтардың грузиялық тәлімгері алаңнан алыстамай, футболшыларына кеңестерін беріп тұрды. Алаң иелері ойын басталысымен бірнеше қауіпті сәттер туғызды, бірақ Покатилов өз орнынан табыла білді. Он минуттан кейін ғана «Қайрат» орнынан қозғала бастады. «Скендербеу» болса әрбір сәт үшін күресіп, Покатиловтың қақпасының маңайына жиі-жиі жақындап тұрды. Өкінішке қарай, алматылық клубтың футболшылары аса белсенділік таныта алмады. Ұзақ уақыт бойы алаңда тең ойын болды, «Қайрат» жағдайды өзгертуге асықпады.

Екінші таймда албандықтар бірден қызу кірісті. Сабьен Лиляй «Қайраттың» үш қорғаушысынан допты алып қойып, Покатиловтың қақпасынан саңылау таба білді.

Екі матчтың нәтижесі бойынша «Қайрат» «Скендербеу»-ге 1:2 есебімен ұтылды.


«Скендербеу» (Корча, Албания) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 2:0 (2:0)

Бірінші матч: 1:1
Голдар: Лиляй 50 (1:0), Пляку 83 (2:0)
Ескертулер: Лиляй 28 - Элек 59, Қуат 90
Алаңнан шығару: Лиляй 75 - Арзо 86
«Скендербеу»: Шехи, Мици, Яшаница, Нимага, Османи (Музака 71), Таку (Дита 90), Лятифи, Вангели, Радаш, Аденийи (Пляку 46), Лиляй
«Қайрат»: Покатилов, Ахметов (Иличевич 69), Сүйімбаев, Қуат, Исламхан, Исаэл (Анене 78), Гоу, Арсо, Элек, Аршавин, Бато
Бас төреші: Йенс Мое (Дания)

20 шілде. Корча. «Скендербеу».

 

Соңғы жаңалықтар