Қайрат Боранбаев Юлия Галышеваны жүлдесімен құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев фристайлшы Юлия Галышеваны жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды қазақпарат тілшісі.

«Сіздің жеңісіңіз біздің Паралимпиада ойындары атлеттеріне ерекше жігер сыйлап, алға ұмтылдырады. Сізге зор денсаулық, үлкен жеңістер тілеймін»,- деді құттықтау сөзінде.

Айта кету керек, кеше қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева еліміздің қоржынына тұңғыш медаль салған болатын.

Үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан отандасымыз 77.40 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған Олимпиаданың қола жүлдесін сыйлады.

Соңғы жаңалықтар