Қайрат Боранбаев: Паралимпиада ұлттық құрамасына лайықты өнер көрсету міндеті қойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы алдына қандай міндеттер қойылып отыр? Бұл туралы Ұлттық паралампиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында жан-жақты айтып берді.

- 2018 жылғы қысқы Паралимпиадалық ойындарда Қазақстан құрамасына қандай міндет қойылды?

- Спортшыларымызға айтулы додада намысты қолдан бермей, медаль иелену міндеті қойылды. Бұл Олимпиадада алтын медальға қол жеткізсек деген үмітіміз бар, дегенмен күміс немесе қола алсақ, біз үшін жетістік болмақ. Біздің спортшыларымыздың дайындығы жақсы, енді Пхенчхан Олимпиадасында өзге елдің атлеттеріне айтулы қарсылас бола алады деген ойдамыз.

- Қысқы паралимпиадалық ойындар Қазақстан телеарналарында көрсетіле ме?

- Рио жазғы паралимпиада ойындарындағыдай «Qazsport» телеарнасы бізге қолдау танытқалы отыр. Сонымен қатар, «Хабар», «Хабар-24» телеарналары ойындар туралы анонс беріп отырады. Өкініштісі, біздің отандық телеарналар тікелей эфирде ешбір ойынды көрсетпейді. Ал тікелей эфир Паралимпиада жанкүйерлері үшін маңызды екені белгілі. Келесі Токио ойындарында біздің телеарналар бұл мәселеге оң көзқарас танытады деп үміттенеміз.

- Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың қысқы спорт түрімен айналысуына қаншалықты жағдай жасалған? Еліміздің қай өңірінде қысқы спорт түрлері жақсы дамыған?

- Қазақстанда парашаңғы сайысы, биатлон, слэдж-хоккей, қол арбадағы керлинг сынды қысқы паралимпиада ойындары дамып келеді. Еліміздің үш аймағы: Алматы, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстары қысқы спорт түрлерінің «отаны» саналады. Бұл аймақтарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубтары бар. Соңғы екі жылда «Fitnation» компаниясы мен «Агитос» қоры мүмкіндігі шектеулі спортшыларға айтарлықтай қолдау танытып келеді. Атап айтқанда, «Fitnation» компаниясының арқасында еліміздегі тұңғыш жаттығу орталығы пайда болды. Онда паралимпиадашы спортшыларымыздың жаттығуына барлық жағдай жасалған. 4000 шаршы метр аумағы бар жаттығу орталығы Астана қаласында ашылды. Орталық жобасын жүзеге асыруға Америкадан шақыртылған сарапшы, АҚШ паралимпиада ұлттық құрамасының мүшесі  Иллеан Родригез қатысты.

Орталықты сынақтан өткізуге жергілікті мүгедек спортшылар қатысты. Қазақстанда мұндай орталықтың баламасы жоқ. Мұндай барлық талаптар орындалған. 

Ұлттық құрама онда ұзақ уақытқа межеленген оқу-жаттығуларын өткізе алады. Өйткені орталықта спортшыларды орналастыратын қонақ үй бар. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығына жаттығуға болады. Жаттығу залы олар үшін тегін. Сонымен қатар, қазіргі уақытта балаларды сауықтыру орталықтарымен де байланыс орнатып жатырмыз. Сал ауруына шалдыққан балаларға тегін денешынықтыру, сауықтыру үйірмелерін ұйымдастырғымыз келеді. Қазіргі уақытта қалалық әкімдікпен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен ғимараттың эксплуатациялық шығындарын жабу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Меніңше, бұл мәселе де оң шешімін табады. Маусым айында Қазақстанда баламасы жоқ спортжабдықтары АҚШ-тан келеді. Ол спорт жабдықтарымен спортшылар қыста да, жаз мезгілінде де жаттыға алады. Спортшыларымызға көрсетілетін медициналық көмек турасында айта кетейін.

Біздің жаттығу орталығында атлеттердің анализін жинайтын мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар, спортшымыздың қонақ үйге орналасқаннан кеткенге дейінгі динамикасын бақылай аламыз. Мұндай мүмкіндік тек атлеттерге ғана емес, Ұлттық паралимпиада құрама командасының денсаулығын бақылауға арналған. Мәселен, осыған дейін сол қан талдауларын тапсыру үшін қомақты қаражат шығындап Еуропаға баруға мәжбүр болатын. Бүгінде төмен бағаға сол талдауларды өзімізде де алуға болады. Паралимпиада ұлттық құрамасы «туризм және спорт индустриясын қолдау» қорының («Самрұқ қазына» АҚ) көмегімен киім және спорт керек-жарақтарымен толығымен жабдықталған.

Халықаралық паралимпиадалық комитеттің «Агитос» қорымен ынтымақтастықтық арқасында елімізде осы саладағы спортты дамытуға арналған семинар-тренингтер өткізіліп тұрады. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы паралимпиада қозғалысына барлығы 40 650 еуро жұмсалды.  Қазіргі уақытта ҰПК аталған қормен бірге үш жобаны жүзеге асырып отыр. Нақтырақ айтқанда: балалар мен жастарды паралимпиада қозғалысына тартуға бағытталған «I'mPOSSIBLE» білім бағдарламасы, Орталық Азия Ұлттық паралимпиада комитеттері қызметкерлерінің ұйымдастырушылық әлеуетін арттыруға бағытталған жоба мен «Тойото мотор корпорейшнмен» біріккен ҰПК имиджін арттыруға арналған жоба. Сонымен қатар, атлеттердің қысқы спорт түрлерімен шұғылдануына арналған «Тарлан» мұз айдыны кешенінің іске қосылуы біздің жетістігіміз. 3800 шаршы метрді құрайтын кешенде мүмкіндігі шектеулі жандардың жаттығуына жағдай жасалған. Кешенде парахоккей, қол арбадағы керлинг сынды спорт түрлерін жаттықтыруға болады.

- Қазақстан қысқы паралимпиада тарихында тек шаңғы сайыстары, биатлонға ғана қатысқан. Слэдж-хоккей мен қол арбадағы керлингті дамытуды қашан жолға қоясыздар?

- 2017 жылы слэдж-хоккейден топқа адам жинадық. 2018 жылдың басынан бастап, бұл спорт түрін дамытуды бастап кеттік. Мәселен, ҰПК Орал қаласындағы слэдж-хоккей клубына 14 аталған спорт түріне қажетті жабдықтар алды. Қазіргі уақытта алғашқы слэдж-хоккей құрамасы жинақталып жатыр. Бұл спортты дамытуға елімізде толық мүмкіндік бар. Қол арбадағы керлинг Қазақстанда дамитын болады. Керлинг қауымдастығы Алматыда бар, Қазақстанның 9 аймағында федерация өкілдері бар. Құрама командасының саны толық. Оның құрамындағы 12 адам спорт шеберлігіне үміткер. Атлеттер бұл спорт түрімен 2014 жылдан бері айналысып келеді.

- Паралимпиада спортын дамыту кезінде қандай кедергілер кездеседі?

- Паралимпиада спортын қолға алған кездегі қиындықтар бүгін де бар. Дегенмен, мемлекеттік органдардың Паралимпиада комитетін белсенді қолдауы қуантады. 2017 жылы Спорт туралы заңға  өзгерістер енгізілді. Онда паралимпиада ойындары Олимпиада ойындарының мәртебесімен теңестірілді. Бұл бізді қуантып қана қоймады, бізге демеу, қолдау болды. Егер алдымызда кездесіп тұратын қиындықтар туралы нақты айтатын болсақ, бұл - қаржы, сала бойынша спорт федерацияларының және мамандандырылған спорт клубтарының жеткіліксіздігі. 

Соңғы жаңалықтар