«Қайрат» «Барселона» мен «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысымен келісім жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық «Барселона» мен ағылшындық «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысы Гай Ассулин алматылық «Қайратпен» келісім жасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Гай Хайф қаласындағы израильдік «Хапоэлдің» тәрбиеленушісі. Ол жас ойыншы ретінде испандық «Барселонаға» қосылған. 2009 жылдың жазында негізгі команданың құрамында лондондық «Тоттенхэмға» қарсы ойнады. Кейін «Манчестер Сити», «Гранада» және «Мальорка» клубтарының ойыншысы болды.

Соңғы жылдары Тель-Авив қаласындағы израильдік «Хапоэлдің» құрамында ойын көрсеткен. Израиль жастар және ұлттық құрамасында да тәжірибе жинақтаған. Жартылай қорғаушы шабуылшымен екі жыл мерзімге келісім жасалды.

Соңғы жаңалықтар