Қайғылы тікелей эфир: Татар қызы өз өлімін видеоға түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фэйсбук және инстаграм желілерінің жаңа функциясына сай, кез келген адам тікелей эфирде халықтың қойған сұрағына жауап бере алады. Әлеуметтік желілердегі селфиден кейінгі  «жұқпалы» әдет осы болса керек.

Бірақ, тікелей эфирді қай уақытта және қай жерде іске қосудың қарапайым қауіпсіздік ережелерін де ұмытпаған абзал. Тікелей эфирде көлік жүргіземін деп, ажал құшқан татар қызының тағдыры  кешеден бері әлеуметтік желіде көпті ойландыра бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазан қаласының тұрғыны, жас қыз 23 наурыз күні таңертең көлік жүргізіп келе жатқанда тікелей эфирге шыққан. Қазан қаласының мемлекеттік жол қауіпсіздік инспекциясының ақпаратына сүйенсек, жүргізуші қыз жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жолаушылар автобусына соқтығысқан.

Жол апаты Қазан-Дубьязы тас жолында орын алған. 22 жастағы Б.Ситора есімді қыз тікелей эфирге шығып, «Сәлем. Қайда жүрсіздер, не істеп жатырсыздар, қайда бара жатырсыздар?» деп әңгімені бастаған. Сол арада келген хаттардың біріне көз аударған Ситора жолдың қарсы бетіне шығып кеткенін байқамай қалған. Рульге ие бола алмаған ол жолаушылар автобусына соқтығысқан. Дәрігерлер бойжеткеннің өміріне араша түсе алмады. Ал, автобуста отырған бес жолаушы мен жүргізуші ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар