Қайғылы оқиғадан кейін Шаханда 20 бейне бақылау орнатылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері биылғы жылдың қаңтар айында жылу қазандығы жарылып, салдарынан 9 адам қаза тапқан Шахан кентінің тұрғындарын қылмыстық араласушылықтардан құтқаруға шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ауылға полиция қызметкерлері келіп, Шаханда ұрлық-қарлықтың, бұзақылық пен тонаушылықтың алдын алу мақсатында 20 бейне бақылау орнатылатындығы жайлы хабарды айтып, тұрғындарды қуантты.

«Бейнебақылау орнату шешімі Шахан тұрғындарының ауылдағы ұрлық-қарлық оқиғаларының жиілеп келе жатқандығына алаңдаушылық білдіргенінен кейін қабылданды. Ауыл тұрғындары бұл мәселе жайлы жергілікті полиция қызметіне баяндаған», - дейді полицияның баспасөз қызметі.

Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Нұрлан Рахымбековтың мәлімдеуінше, 20 бейне бақылау бюджет қаражатына сатылып алынып, орнатылады. 

Соңғы жаңалықтар