Қауіпті қылмыскерлер ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде қауіпті қылмыскерлер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ  Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР ІІМ Кримиалдық полициясы департаменті қызметкерлерінің жедел іздеу шараларының нәтижесінде Шымкентте 10 сәуір күні Астанада жеке кәсіпкерді пайдакүнемдік ниетпен өлтірген елорданың екі тұрғыны ұсталды», - деді ол.

Сонымен қатар ІІМ қызметкерлері Қарағанды қаласында мемлекеттік іздеуде болған екі күдіктіні тұтқындаған. Оларға аталған облыстың аумағында әр жылдары бірнеше адамды өлтірді деген күдік келтірілуде.

«Павлодар облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Ақсу қаласында 12 сәуір күні адам өлтірді деген күдікпен сол қаланың тұрғынын ұстады», - деді Алмас Садубаев.

Фото:sp-info.ru

Соңғы жаңалықтар