Катонқарағайдың қар барыстары қайда кетті

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында болған экспедиция мүшелері сирек кездесетін жануар - қар барысының іздерін таппады. Бұл туралы Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) Алтай-Саян бөлімшесінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WWF Алтай-Саян бөлімшесі Шығыс Қазақстан облысында қар барысын іздеу жұмыстарын Pernod Ricard Kazakhstan компаниясының қолдауымен ағымдағы жылдың көктемінде бастаған болатын.
null

null 

WWF Алтай-Саян бөлімшесінің баспасөз хатшысы Татьяна Иваницкаяның айтуынша, экспедицияға Катонқарағай ұлттық саябағының және Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының Қазақстандағы серіктесі - Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтау қауымдастығының  қызметкерлері қатысқан. Олар осы жылдың шілде-қазан айларында Катонқарағай ұлттық саябағы аумағына үш мәрте экспедицияға шығып, қар барысы жүруі мүмкін жерлерге 19 автоматты камера орнатқан. Өкінішке орай, мамандар далалық жұмыстар барысында қар барысының ізін таба алмады. Арнайы орнатылған камералар сібір тау ешкісін, марал, аю, алтай ұларын суретке түсіріп алған.
null 

null 

«2015 жылы Катонқарағай ұлттық саябағында қар барысының 4-5 түрінің ізі табылған болатын. Бұл нәтиже WWF бастамасымен және «Сібір саулығы» корпорациясының «Сенің төңірегіңдегі әлем» («Мир вокруг тебя») қорының қолдауымен өткен далалық экспедиция қорытындысында алынған еді. Алайда, өкінішке орай бұл жолы  серіктестеріміз Катонқарағай сирек кездесетін жыртқыш аңды таба алмады. Мұны түсіндірудің екі жолы бар. Яғни қар барысы ұлттық саябақ аумағынан жоғалып кетті немесе есепке алу тобы барынша тыңғылықты жұмыс істемеді. Ондай жайт та орын алып тұрады. Қараша айында Катонқарағай қар барысына не болғанын білу үшін WWF ҚР Білім және ғылым министрлігі Зоология институмен бірге тағы бір экспедицияға бастамашалық жасады. Осы айдың соңында институт қызметкерлері ұлттық саябақпен астасып жатқан қырқаларға фотокамералар орналастырады. Келесі жылдың ақпанында барлық камералар тексеріледі», - деді WWF Алтай-Саян бөлімшесі жобасының аға үйлестірушісі Александр Карнаухов.
null null

null 

Соңғы жаңалықтар