Катонқарағайда «жоғалған» қар барысы табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Катонқарағай ұлттық паркіндегі фототұзақ қар барысының ізін түсіріп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Түз тағысының ізін ҚР БҒМ министрлігі Зоология институты Ғылым комитетінің қызметкерлері түсіріп алған. Институт қызметкерлері аға ғылыми қызметкер Рысбек Байдәулеттің жетекшілігімен қорықты зерттеуге шыққан болатын.

Бұған дейін хабарланғанындай, Катонқарай ұлттық паркінде Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) экспедициясы зерттеу жүргізіп, олар құрған 19 фототұзақтың біріне де қар барысы ілікпеген болатын. Сол себепті осы жылдың қараша айында бірлескен экспедицияны қайта құру көзделген еді.

Алайда ұлттық парктің бас директоры Ерлан Мұстафиннің сөзіне сенсек, «зерттеушілердің еңбегі ақталған» көрінеді.

Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету жасағы бастығының орынбасары Василий Ткаченконың айтуынша, аталған жасақ қазақстандық зоологтардың Катонқарағай қорығына экспедициясын ұйымдастыру, апарып, қайта әкелу жұмысымен айналысқан.

«Міне, олар қайтып келе жатыр. Оларда барыстың 4 түрі бойынша тіркелген материалдары бар. Барыстардың екеуі жеке, қалған екеуі - аналығы мен күшігі бірге жортып жүрген. Зерттеу жұмысы мұнымен тоқтап қалмайды. Фототұзақтар көктемге дейін тұрады. Алдағы уақытта фототұзақтарға әлі де қызық материалдар ілінеді деген сенімдемін», - дейді ол.

Катонқарай ұлттық паркі - Қызыл кітапқа енген көптеген аңдар мен құстардың мекені. Онда сирек әрі құрып бара жатқан аңдарды көбейту бағытында жұмыс жүргізіледі. Нақтырақ айтқанда, сүтққоректілердің төрт түрі бар. Қар барысы, арқар, ақтөс сусар секілді құрып бара жатқан аңдар осында мекен етеді. Сонымен бірге, сирек кездесетін құстың 20 түрін Катонқарағай ұлттық паркінен кездестіруге болады.

Соңғы жаңалықтар