Қатонқарағайда анасы мен кішкентай екі қыздың өлі денесі табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қатонқарағай ауданына қарасты Үлкен ауылындағы жеке үйлердің бірінен анасы мен оның екі кішкентай қызының мәйіті табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл жайлы хабарлама полиция кезекшілігіне сағат 19.00 шамасында келіп түсті. Жедел іздестіру тобы дереу оқиға орнына келіп жетті. Дерек сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер департаментінің жедел-тексеру тобы Үлкен ауылына келді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлады облыстық ІІД.

Катонқарағай ауданы Үлкен ауылының тұрғыны 34 жаста, қыздарының кішісі әлі жасқа толмағандығы анықталды. Мәйіттен күштеп өлтіру белгілері табылды. Алайда, сол түні әлеуметтік желілерде әйелдің өзін өзі өлтіргендігі жайлы қызу талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар