Катар жасыл технологияны дамытуда Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар жасыл технологияны дамытуда Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы бүгін Катардың Сыртқы істер министрі Солтан Бин Саад Әл-Мурайхи мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Катар мұнай мен газға бай ел екендігіне қарамастан баламалы энергертиика мен жоғары технология мәселелеріне айрықша назар аударады. Біз жасыл технологияны дамытуда Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге дайынбыз және өзара тиімді серіктестік қатынас құрудан үмітіміз бар», - деді ол бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Катардың Ұлттық күніне арналған салтанатты шарада.

Сонымен қатар Солтан Бин Саад Әл-Мурайхи шөл даладағы шағын мемлекеттің қысқа уақыттың ішінде ғана экономикалық көрсеткіштері жоғары алдыңғы қатарлы мемлекетке қалай айналғанын айтып берді.

Қазақстан тарапынан салтанатты шараға қатысқан ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстан мен Катар арасындағы белсенді ынтымақтастық жылдарында орнықты қарым-қатынас орнағанын әрі қазіргі уақытта барлық салада өзара байланысуға толық жағдай жасалғанын атап өтті.

Екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, әнұраны ойналған негізгі шарадан кейін Таяу Шығыстағы танымал ансамбльдердің бірі «Maqam Ensemble» ұжымы өнер көрсетті. Бұл ұжым араб өнерінің рухы мен ерекшеліктерін сақтай отырып, клаиссикалық араб музыкасына заманауи интерпретацияда орындауға машықтанған.

Соңғы жаңалықтар