Катар Кувейт арқылы араб мемлекеттерінің талабына жауап береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар Кувейт арқылы араб мемлекеттерінің талабына жауап береді. Бұл туралы бүгін Катардың Сыртқы істер министрі Солтан Бин Саад Әл-Мурайхи мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңізде білесіздер, Сауд Арабиясы, Бахрейн, сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері Катар тарапына ақпараттық науқан ұйымдастырды. Осыдан кейін Катар мемлекеті блокадада қалып қойды. Біз мемлекет әміріне араағайын ретіндегі өз қызметін орындау мүмкіншілігін бердік. Катар кез келген мәселені бейбіт жолмен шешуге болатындығына сенеді», - деді ол бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Катардың Ұлттық күніне орай өткен шарадан кейін БАҚ өкілдеріне.

Солтан Бин Саад Әл-Мурайхи араб мемлекеттері Катарға бірқатар талап қойып отырғандығын еске салып өтті.



«Бұл талаптарға біз таяу аралықта араағайын болып отырған Кувейт арқылы жауап беретін боламыз. Біз барлық одақтастарымызбен, мемлекеттермен жақсы байланыстамыз және әр уақытта да елдерді келіссөздер үстеліне отырып, бейбіт келіссөздерге шақырамыз. Біз сұхбатқа дайынбыз. Бірақ, біз кесіп өтпейтін белгілі бір қызыл сызық та бар және оны біреулердің кесіп өтуіне де жол бермейміз. Бұл біздің сыртқы және ішкі саясатымызға қатысты жайт», - деді Солтан Бин Саад Әл-Мурайхи.

Естеріңізге сала кетсек, осы айдың басында Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Йемен және Египет Катар мемлекетімен дипломатиялық байланыстарын үзген болатын.

Соңғы жаңалықтар