Каталонияда референдум кезінде 460-қа жуық адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазан, жексенбі күні Испанияның Каталония автономды облысында тәуелсіздік алу жөніндегі референдум кезінде 460-қа жуық адам зардап шекті. Бұл туралы Барселона мэрі Ада Колау мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Осы уақытта Каталонияда 460-қа жуық адам зардап шекті. Барселона мэрі ретінде полицияның қорғансыз халыққа қарсы іс-әрекеттерін тоқтатуды талап етемін», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасына.

Айта кетейік, жексенбі күні Каталонияда автономиялық облыстың Испания құрамынан шығуына қатысты жалпыхалықтық дауыс беру басталды. Мадрид бұл референдумды заңсыз деп санайды. Қазіргі уақытта барлық өңір бойынша құқыққорғауоргандары плебисциттің өтуін тоқтатуға тырысуда. Олар сайлау учаскелерін жауып, жәшіктер мен бюллетеньдерді тәркілеп жатыр. 






Фото: REUTERS

Соңғы жаңалықтар