Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -14 °С
Алматы: -4 °С
USD 335.33 EUR 395.49
RUB 5.70 CNY 50.75
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқаны үшін алғыс айтты

2017 жылғы 19 маусым 11:57 1297
Поделиться:
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқаны үшін алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның федералды сыртқы істер кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтермен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

К. Тоқаев «жасыл» экономика және баламалы энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Швейцарияға «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Сенат спикері Қазақстанның Швейцарияны Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп есептейтінін атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық белсенді саяси диалог, ауқымды сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды қамтиды.

Кездесу барысында екіжақты байланыстар мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясын қосқанда, халықаралық ұйымдар аясында маңызды рөл атқаратын парламентаралық диалогты нығайтудың келешегі қаралды.

Сонымен бірге, К. Тоқаев пен Швейцария сыртқы саяси мекемесінің басшысы ЕҚЫҰ жауапкершілік аймағындағы ұзаққа созылған шиеленістерге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

 

 


Бөлісіңіз:

Аударма:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат