Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан телевизиясын 60 жылдығымен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттердегі парақшасында журналистерді Қазақстан телевизиясының 60 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ телевизиясына 60 жыл! Айтулы дата! Журналистерді, телевизия саласындағы барлық қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймын және алғыс білдіремін.  Отанымыздың игілігі жолында табысты жұмыс тілеймін!» - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, кеше Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай өткізілген салтанатты шарада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары белгілі болды.

Салтанатты рәсімде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.

«Қазақ телевизиясының хабар тарата бастағанына 60 жыл толуымен құттықтаймын. Бүгінде қоғам өмірінің тыныс-тіршілігін теледидарсыз көзге елестету қиын. Сондықтан, бұл отандық телевизияның мыңдаған қызметкерлерін ғана емес, қазақстандықтардың ортақ мерейлі мерекесі деп айтуға болады», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар