Қасым-Жомарт Тоқаев Данэлия Төлешованы «Голос. Дiти» байқауындағы жеңісімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Данэлия Төлешованы украиналық «Голос. Дiти»  шоуындағы жеңісімен құттықтады. 

"Данэлия Төлешова украиналық "Голос. Дiти"  ән конкурсында жеңіске жетті. Алматыдан шыққан осы талантты қызды, оның туған-туыстарын және оқытушыларын құттықтаймын. Бұдан да жоғары табысқа жетуін тілеймін. Данэлия Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 26-жылдығына орай өткен салтанатты қабылдауда тамаша өнер көрсетті»,- деп жазды Тоқаев Twitter-ге .

 

Соңғы жаңалықтар