Кастамону ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Кастамону қаласында «Кастамону - түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТҮРКСОЙ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кастамону мэриясы мен ТҮРКСОЙ ұйымдастырған мерекелік кешке Түркия Республикасының премьер-министрі Бинали Йылдырым, премьер-министрдің орынбасары Реджеп Актаг, Түркия мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Кастамону провинциясының губернаторы Яшар Карадениз, Түркияның ұлы жиналысы депутаттары, дипломатиялық миссия өкілдіктері, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

null 

Бас хатшы Дүйсен Қасейінов өз сөзінде Кастамону тұрғындарының мәдени астана дәрежесін мақтанышпен қабылдағанын, ежелгі тарихы мен бай мәдениеті бар қаланың бұл атаққа лайық екенін атап өтті.

null 

Салтанатты кеш мерекелік концертке ұласты. Онда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан, Ресейдің Алтай, Башқұртстан, Саха, Дағыстан, Бурятия аймақтарынан келген әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

null null null 

Кастамону провинциясының губернаторы Яшар Карадениздің айтуынша, жыл соңына дейін Кастамонуда өтетін шаралардың барлығы қаланың түркі әлеміндегі абыройын арттыра түспек.

null null null null null null null null null null 

Еске сала кетсек, қаңтар айында Түркияның Кастамону қаласында 2018 жылғы Түркі дүниесінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты салтанатты шара өткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар