Каспийдегі кемелерді бақылау қағидасы өзгереді- ИДМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий маңы мемлекеттері Қара және Жерорта теңіздеріндегідей порттарда кемелерді мемлекеттік бақылаудың бірыңғай режимі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басқа елдердің салалық ведомстволарымен порттық бақылауды іске асыру тәртібіне қатысты келісу жөнінде жұмыстар атқаруда.

«Бірыңғай тәсіл теңіз кемелерінің техникалық қауіпсіздігін арттыруға және аймақта субстандартты кемелерді пайдалануды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде теңіз аварияларының санын азайтуға, кеме экипажы мүшелері мен жолаушылар өмірінің қауіпсіздігін арттыруға, көлік құралдары мен жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сонымен бірге, техникалық жағдайы жақсы кемелерді тексеру саны қысқарады және кеменің жүзу қауіпсіздігі тұрғысынан қауіпті көлік құралдарын тексеру үшін ресурстарды пайдалану тиімділігі артады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта Каспийде 1600-ге жуық теңіз кемесі пайдаланылуда. Олардың 320-сы Қазақстан туымен жүреді. 2017 жылы қазақстандық порттарға шамамен 2 мың кеме кірген. 

Соңғы жаңалықтар