Каспийдегі қасқырлар Қашаған кен орнына келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бір үйір қасқыр Қашаған кен орнындағы жасанды аралға келген. Осыған қатысты видео әлеуметтік желіде көп қаралуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Видеоның түсірген мұнайшы қасқырлардың жасанды «А» аралына келгендігін айтуда. Қасқырлардың саны жетеу. Пікір айтушының сөзіне қарағанда, жыртқыштарды кемелердің бірінен шыққан тамақтың иісі тартқан. Ғимараттардың біріне жақын келген қасқырлар кері қайтып, мұзы жаңа қатқан өткелдің үстімен өтеді. 

Соңғы жаңалықтар