Каспийде Қазақстанның төрт кемесі әскери дағдыдан өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Әскер-теңіз күштері кемелерінің жасағы: «Орал» мен «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемелері, «Алатау» миналық-тартқыш кемесі, «Жайық» гидрографиялық кемесі теңізге шығып, кеме экипаждары әскери дағдыдан өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кемелер екі күн бойы № 244 ауданында (теңіз полигоны) дағдыдан өтті.
null 

«Экипаждардың жұмыстары: корабльдердің жалпы маневр жасауы, УТЕС және АК - 306 пулеметтерінен жүзіп бара жатқан нысанаға оқ ату тексерілді. Жақында қолданысқа берілген «Алатау» миналық-тартқыш кемесі арнайы тапсырманы орындады: шартты миналанған сектордағы жолды тазартып, теңізде мина тартты. Оның кильватерімен «Орал» мен «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемелері маневр жасап және қозғала отырып нысанаға дәл тигізу арқылы жүріп өтті. Олармен қатарласып «Жайық» гидрографиялық кемесі өзінің әскери тапсырмасын орындады», - деп атап өтті ҚР ҚМ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің қызметкері, аға лейтенант Рустем Игісінов.
null 

«Теңізде өткен әскери дайындық кезінде Әскери-теңіз күштері кемелер экипажы теңізде жеке дара және топпен жақсы тәжірибе көрсетті», - деді «Жайық» гидрографиялық кемесі командирінің көмекшісі лейтенант Валерий Кочуров.
null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар