Каспийде браконьерлермен күресті жедел топтар жүргізеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Каспийдегі браконьерлермен күресті прокуратураның бастамасымен балық аулау маусымы кезінде құрылған ұтқыр топ жүргізетін болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Облыстың табиғатты қорғау прокуратурасы, балық инспекциясы, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, облыстық ІІД, шекара әскери бөлімшесі бірігіп теңізге шығуға ыңғайлы бөгеттерді бекітті. Бұл іс өз нәтижесін берді. Бүгінгі таңда жедел топтар балықты қорғау заңнамаларының 339 рет бұзылғанын анықтап, 16 қылмыстық құқықбұзушылық сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, частик тұқымдас балықтардың 6455 келісі, бекіре тұқымдастарының 1254,8 келісі, бекіре балықтары уылдырығының 6 келісі, 1325 аулау жабдықтары, 68 жүзу және көлік құралдары тәркіленді. Су қоймаларын торуылдау барысында 237 заңсыз балық аулау құралдары, 16 қолдан жасалған жүзу құралдары табылды», - деп хабарлады облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Өткен жылдарда құқықбұзушылықтар Исатай ауданының Жанбай ауылы маңында жиі анықталған. Ондағы құқықтық тәртіпті небары екі полиция қызметкері жүзеге асырып келген. Биыл облыстық ІІД прокуратурасының бастамасымен ауылдағы тәртіпке бақылау күшейтіліп, 13 учаскелік инспекторы және тиісті техникалары бар ауылдық полиция бөлімшесі құрылды.

Соңғы жаңалықтар