Каспийде браконьерлердің ұйымдасқан қылмыстық тобы ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының қызметкерлері біраз уақыттан бері Каспий теңізінде бекіре балығын заңсыз аулаумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



«Атырау облысының 1981,1983,1985 және 1987 жылы туған төрт тұрғыны ұсталды. Исатай ауданының Жанбай ауылында және Атырау қаласында жүргізілген тінту кезінде күдіктілерден сатуға дайындалған өнім - бекіре балықтары мен уылдырығы табылды. Қайық, аспалы моторлар, заңсыз балық аулауға арналған құралдар тәркіленді», - дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар