Каспий жолбарыстары Қазақстанға қайта оралмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) мен америкалық ғалымдар тобы бірлесе отырып жойылып кеткен каспийлік жолбарыстардың таралымын қалпына келтірудің жаңа әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды Лента.ру.

Ғалымдар Қазақстан аумағында жойылған жыртқыштарды реинтродукциялау үшін қорық облысын жасауды жоспарлауда. Генетикалық сараптаманың көмегімен ғалымдар ДНҚ құрылымы бойынша каспийлік жолбарысқа сібір жолбарысының жақын келетінін анықтаған. Алайда олар Қазақстанда өмір сүре алмайды, сондықтан оларды амурлыққа ауыстыру шешімі қабылданды.

«Орталық Азиядағы жолбарыстарды Ресейдің Қиыр Шығысындағы амурлық жолбарыстармен реинтродукциялау идеясы 10 жыл бойы талқыланды. Қазақстан Үкіметі бұл жоспарды 2010 жылы қолдады, - дейді зерттеулер авторының бірі Михаил Пальцын. - Алайда бағдарламаны бастамас үшін жолбарыстардың мекендейтін жерін табу мен түрлі сценарийдегі реинтродукциялаудың мүмкін шешімдерін жақсылап зерттеу үшін мықты ғылыми қор қажет болды».

Ғылыми әдебиеттерді ұзақ уақыт бойы зерттегеннен кейін ғалымдар каспийлік жолбарыстардың өзен мен бұлаққа жақын 800-900 мың шаршы шақырымдай аумақта өмір сүргендігін анықтады. Осы деректерге сүйене отырып, мамандар жыртқыштар үшін қолайлы деп Іле өзенінің маңын атады. Жоба 25 жылға жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар