Каспий теңізінің қазақстандық секторында антитеррористік операция өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің қазақстандық секторында антитеррористік операция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Қаратау -2017» оқу-жаттығуының сценарийіне сәйкес, қаруланған заңсыз құрылым өкілдері кемені басып алады. Ал Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік жүзгіштер бөлімшесі Қазақстан Республикасы күш құрылымдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен өзара әрекет ете отырып, жаулап алынған кемені босату және шартты лаңкестердің көзін жою бойынша операция өткізді.

«Қазіргі соғыстар мен қарулы қақтығыстар тәжірибесі көрсетіп отырғандай, біз теңіздерге шығулар мен жауынгерлік атыстардың оқу-жаттығуларын тек дәстүрлі формаларда өткізіп қана қоймай, бүгінде қарсыластың кез келген «шақыртуына» дайын болуымыз қажет», - деп атап өтті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Жандарбек Жаңзақов. 


Соңғы жаңалықтар