Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -6 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

Каспий құбыры консорциумы биыл Қазақстан бюджетіне 25 млрд теңге аударады

2017 жылғы 13 қазан 16:52 723
Поделиться:
Каспий құбыры консорциумы биыл Қазақстан бюджетіне 25 млрд теңге аударады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2017 жылы Каспий құбыр желісі консорциумы Қазақстан бюджетіне 25 млрд теңге аударады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2016 жылы Қазақстан Республикасының бюджетіне 21 млрд 150 млн теңге аударған едік. Үстіміздегі жылдың 9 айында бюджетке аударылған қаржы 14 млрд 610 млн теңгені құрап отыр. 2017 жылға жоспарлап отырған жалпы болжамымыз - 24 млрд 970 млн теңге», - деп мәлімдеді КҚК бас директоры Николай Горбань Атырау облысы Исатай ауданындағы Каспий құбыр желісі консорциумының Шығыс аймағындағы А-НПС-3А жаңа мұнай айдау станциясын салтанатты іске қосу рәсімінде.

Каспий құбыр желісі консорциумы қызметінің пайдасы Атырау облысына да тиіп отыр.

«Компания құрылғаннан бері өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне қолғабыс жасап келеді. Бүгінге дейін КҚК облыстағы әлеуметтік жобаларға 7 млрд теңге қаржы бөлген. Олар жаңа балабақшалар, мектептер салуға әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі жөндеуге, инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Облыс орталығында және аудандарда 4 жаңа әлеуметтік нысан бой көтерді. КҚК жуырда ғана жаңа мұнай құю стансасын салып бітірді. Ол 46 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды, тағы 300-ден астам адам мердігер ұйымдарда жұмысты болды», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағындағы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылған ең ірі жобалардың бірі. Оның Теңіз - Новороссийск құбыр желісі 1 511 километрге созылып жатыр. Осы маршрут арқылы Қазақстан экспорттайтын бүкіл мұнайдың үштен екісі жіберіледі. 

 

 


Басты сөздер: Экономика, Мұнай-газ,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат