Каспий құбыр консорциумы Атырау облысының әлеуметтік саласына $23 млн инвестиция құйды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Каспий құбыр консорциумы 5 жыл ішінде Атырау облысының әлеуметтік саласында 23 миллион долллар инвестиция құйды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбаньмен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

null  

 «Атырау облысы әкімдігі мен КҚК арасындағы келісімнің біздің компания үшін маңызы зор. Алдыңғы 5-жылдық келісім аясында біз  әлеуметтік саланы дамытуға 23 млн долларға жуық қаражат бөлдік. Соңғы жетістіктеріміздің бірі 2017 жылдың екінші жартысында тапсырылатын екі балабақша мен мектеп. Бұл келісім 2016 жылы аяқталды. Толықтай орындалды. 5 жыл мерзіммен жаңа келісім әлеуметтік әріптестік, денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт, аз қамтылғандарға көмек бағдарламалары науқанына қатысуды қамтиды», - деді Н.Горбань. 

null  

 «Біз қолдан келген көмекті көрсетеміз. 5 жылда КҚК барлық белгіленген жоспарды орындады, Қазақстанда кеңею жобасын аяқтады. Сіздер қазақстандық компанияларды, оның ішінде Атырау облысынан компанияларды жұмысқа тартқандарыңызды атап өткен жөн», - деді Ноғаев.

Еске салсақ, КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында шетел капиталының қатысуымен жүзеге асқан энергетикалық саладағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Батыс Қазақстан кен орнын Новороссийск теңіз терминалымен біріктіретін құбырдың ұзындығы 1511 шақырымды құрайды.

null  

Соңғы жаңалықтар