Каспий банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий банктің Шымкент қаласындағы бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды.  Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қылмыс осы жылдың 13 қазаны күні жасалған және қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойындап отыр.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Қарақшылық» 192 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық өндіріс ашылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында жасалған қылмыстың барлық мән-жайы анықталып, күдіктінің басқа да орын алған қылмыстарға қатыстылығы туралы мәліметтер тексерілуде», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар