Кәсіпқой боксшы Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың (9-0, 8KO) кезекті жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасымыз келесі айқасын 27 қазан күні Канаданың Квебек қаласында панамалық Альберто Москуэрамен жұдырықтасады.

Москуэра 1987 жылғы. Кәсіпқой бокста 29 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен. 3 рет жеңілген және 2 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. 16 қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Ал қазақстандық Батыр Жүкембаев осыған дейін 9 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 8 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен ұтты.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар