Кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов кубалықпен жекпе-жекке шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (3-0, 3КО) кәсіби бокстағы келесі кездесуін 9 маусымда Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өткізеді, деп хабарланды ВКонтактедегі «Қазақстан кәсіби боксы» тобында. Бұл туралы Sports.kz жазады.

Бұл жолғы оның қарсыласы жеңіліп көрмеген кубалық Идель Торриенте (3-0, 2КО).

Еске сала кетейік, Бобыржан Момынов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін 24 наурызда Орландо (АҚШ) қаласында өткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар