Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев қашан жұдырықтасатынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (8-0, 7-КО) өзінің келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезекті айқас сәуір айына белгіленді. Бірақ оның нақты күні мен Жүкембаевтің қарсыласының есімі әзірге құпияда. Бұл туралы боксшының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

«Командамызбен ақылдаса келе 11 наурызда Лемье-Стивенс андеркартында жекпе-жек өткізбейтін болдық. Алла қаласа сәуір айында шаршы алаңға оралып, жанкүйерлеріме өте тартысты жекпе-жек сыйлау мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жолғы кездесуім ерекше болмақ. ТОП-50 боксшының бірі қарсыласым атанып қалуы мүмкін. Әзірге келіссөздер жүріп жатыр. Жақын күндері жекпе-жек уақыты мен қарсыласымның есімі белгілі болады», - дейді Батыр Жүкембаев.

Бұған дейін менеджер Анна Рева хабарлағандай, Батыр Жүкембаев немесе Абылайхан Хусаинов 11наурыз күні АҚШ-та өтетін Давид Лемье мен Кертис Стивенс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек болатын.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы кездесуін 29 қаңтарда өткізіп, мексикалық қарсыласы Давид Ранхельді бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар