Кәсіпқой боксқа ауысқан Ескендір Ибрагим қарсыласын нокаутқа түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық белгілі әнші Ескендір Ибрагим кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол кеше Мәскеу түбінде өткен кәсіпқой бокс кешінде алғашқы айқасын өткізіп, бірінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыздың қарсыласы қырғызстандық Шерғазы Шактанов болды.

Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын. Алайда Ибрагим қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Женiс кутты болсын😘🇰🇿🇰🇿 Касiпкой бокстагы бапкерiм, бауырым, досым Жалгасыма @prof_kz_tukeshov алгысым шексiз! Канша куннен берi такым кысып, тiлектес болган онердегi, спорттагы ага бауырларыма улкен рахметiмдi айтамын. Осы жекпе жекке тiкелей колдауын корсеткен Бекболаттай @btleukhan камкор агама Алла разы болсын! Ауеской бокстагы бапкерiм Аманжол Бакаев агамнын енбегiн айтпай кете алмаймын. Ардайм тiлекшi @jas_otan арiптестерiме улкен рахмет. Артымда Казактай кайсар елiмнiн колдауын корiп жiгерлене тустiм! Бiз батыр елдiн урпагымыз✊️ Жасасын казак Елi🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿❤️❤️🙌

Публикация от Ibragim Eskendir (@ibragim_eskendir) Дек 9 2017 в 9:25 PST

Естеріңізге сала кетейік, Ескендір Ибрагим жарыстан бір күн бұрын ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп ,  «енді көк туды кәсіпқой бокста желбірететінін» айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар