Кәсіпқой бокс: Украиналық Ломаченко жеңіліп көрмеген кубалықты ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченко чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Нью-Йоркте кубалық боксшы Гильермо Ригондоны  ұтып,  екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпиондық атағын қорғап қалды.

Василий Ломаченко 12 раундқа жоспарланған жекпе-жектің 7-ші кезеңінде қарсыласының айқасты ары қарай жалғастыруынан бас тартуына байланысты мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша украиналық боксшы кәсіпқой бокстағы 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Ригондо спорттық мансабында алғаш рет жеңілді.

Соңғы жаңалықтар