Кәсіпқой бокс: «Қазақ» пен «Жаман бала» салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында Қанат Ислам (24-0, 19КО) мен оның ертеңгі қарсыласы - канадалық Брэндон Кук (18-0, 11КО) салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таразыға алдымен Брэндон Кук шығып, 68,4 келіні көрсетті. Қанат Ислам болса, одан бір келіге асты. "Қазақтың" таза салмағы 69,6 келіні құрады. Бір келі айырмашылығына қарамастан, екі боксшы да бірінші орта салмақтың межесінен шыға білді.
null 

Шараға Ислам-Брук жекпе-жегінің андекартында өнер көрсететін қазақстандық боксшылар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0, 5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО), Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1КО) және олардың барлық қарсыластары қатысып, өз салмақтарын рәсімдеді. Боксшыларды қолдауға жиналған xалықтың қарасы көп болды.
null 

Айта кеткен жөн, бокс кеші 9 қыркүйекте Астанадағы "Сарыарқа" велотрегі ғимаратында өтеді. Онда өнер көрсететін қазақ боксшыларының біреуі де осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген. Қанат Исламның қарсыласы - Брэндон Кук та жеңіліске тап болған емес. "Қазақ" пен "Жаман бала" (Куктың лақап аты - авт.) бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын сарапқа салады.

null 

Соңғы жаңалықтар