Кәсіпқой бокс: Қазақ қызы қарсыласын бірінші раундта жарыс жолынан тайдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ қызы Балауса Мұздиман кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаудпен ұтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Балауса Мұздиман осыдан біраз уақыт бұрын кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Көп ұзамай ол АҚШ-тың Монро қаласында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта ауыр соққыларының астына алып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Отандасымыз жергілікті боксшы Кэмри Максимен қолғап түйістірген болатын. Бұл Максидің де шаршы алаңға бірінші рет шығуы. Өкінішке қарай ол қазақ қызының соққысына шыдас бермей, жеңілістің ащы дәмін татты.

Айта кетейік, Балауса Мұздиман қазақстандық қыздар арасында кәсіпқой бокспен айналысқан екінші аруымыз. Осыған дейін  кәсіби рингке Фируза Шәріпова ауысып, көрермен көз айымына айналып үлгерген еді. Ол соңғы жекпе-жегінде Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп жеңіл салмақта WIBA және WBU тұжырымдары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар